ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОНАҚ ДӘРІСІ ӨТТІ
2026 жылғы 21 қазанда Social Innovation Hub орталығында Астана халықаралық университетінің «Әлеуметтік кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранттарына арналған қонақ дәрісі өтті. Спикер ретінде Әлеуметтік инноваторлар қауымдастығының президенті Гүлмира Пармышева сөз сөйледі. Кездесу барысында ол Қауымдастықтың қызметі және оның Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудағы рөлі туралы баяндады. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясы және оларды әлеуметтік кәсіпорындар арқылы жұмыспен қамту мүмкіндіктеріне назар аударылды.
Кездесу магистранттар мен әлеуметтік кәсіпкерлік саласының өкілдері арасында білім мен практикалық тәжірибе алмасуға арналды. Іс-шараны ұйымдастырушы – PhD, AIU Жоғары экономика мектебінің қауымдастырылған профессоры, «Әлеуметтік кәсіпкерлік» білім беру бағдарламасының эдвайзері Оқутаева Сәуле Төлегенқызы.
Мұндай кездесулер академиялық білім мен практикалық тәжірибені арттыруға, университеттің әлеуметтік кәсіпкерлік ұйымдармен ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етеді.
Бөлісу:



