Астана халықаралық университетінде Португалия Елшісі қонақ болды






















































Бүгін Астана халықаралық университетіне Португалия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жозе Атаиде Амарал бастаған Португалия Республикасы Елшілігінің делегациясы келді. Делегация құрамында миссия басшысының орынбасары Нуно Алмейда және елшінің ассистенті Айгерім Қасылова болды.
Қонақтарды Астана халықаралық университетінің ректоры Анар Мырзағалиева қарсы алды. Кездесу аясында режиссер Висенте Алвеш ду О түсірген «Амадео» (2020) көркем фильмінің көрсетілімін өткізу талқыланды. Фильмде Португалияның алғашқы модернист суретшілерінің бірі Амадеу де Соуза-Кардозудың өмірі мен шығармашылығы баяндалады. Суретшінің мұрасы – XX ғасыр басындағы еуропалық өнердің бөлігі.
Ал Португалия Елшісінің сапары – Астана халықаралық университеті мен Португалия Республикасы арасындағы академиялық және мәдени байланыстарды дамытудағы маңызды қадам. Тараптар Астана халықаралық университеті мен Португалия университеттері арасындағы ынтымақтастық бағыттарын талқылады. Студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық ұтқырлық бағдарламалары, сондай-ақ португалиялық жоғары оқу орындарының ғалымдарын университет докторанттарына шетелдік ғылыми жетекші ретінде тарту мәселелері де қаралды. Бұдан бөлек бірлескен мәдени және білім беру іс-шараларын өткізу бастамалары сөз болды.
Бөлісу:
Фотогалерея



















