AIU студенті «Үздік студент» республикалық байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды












Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік студент» республикалық байқауында Астана халықаралық университеті Педагогикалық институтының студенті жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша Педагогикалық институттың «Тарих» (6B01601) білім беру бағдарламасының студенті Аманжол Ілияс Мейрамұлы І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Республикалық байқаудың негізгі мақсаты – жастар саясатын дамыту, дарынды және белсенді жастардың креативті идеялары мен тың бастамаларын қолдау, сондай-ақ білім мен ғылымға ұмтылған жастардың жетістіктерін насихаттау.
Аманжол Ілияс Мейрамұлын республикалық байқаудағы жеңісімен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!
Бөлісу:
Фотогалерея






