AIU-да болашақ педагогтерді заман талабына сай даярлау мәселелері талқыланды


















2026 жылғы 7 қарашада Астана халықаралық университетінің Педагогикалық институты профессор-оқытушылар құрамы үшін «Болашақ педагогтерді даярлауды жетілдірудің мәселелері мен перспективалары: силлабустар мен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын (ҚМЖ) әзірлеу» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
Семинар кәсіби диалог құруға, тәжірибе алмасуға және мұғалімнің кәсіби қызметіне қойылатын заманауи талаптар тұрғысынан педагогикалық білім беруді жетілдіру мәселелерін талқылауға арналды.
Семинардың басты мақсаты – болашақ педагогтердің кәсіби даярлық сапасын арттыру, оқу пәндерінің мазмұнын білім берудің заманауи талаптарына сай ету, сондай-ақ силлабустар мен қысқа мерзімді сабақ жоспарларын (ҚМЖ) әзірлеудің әдістемелік тәсілдерін қарастыру.
Іс-шараның практикалық ерекшелігі – студенттердің қатысуы. Математика, химия, физика, информатика, биология және география факультеттерінің студенттері өздері әзірлеген қысқа мерзімді сабақ жоспарларын таныстырды. Жасалған баяндамалары барысында сабақ мақсаттарын айқындау, сабақ құрылымын жобалау, оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдау, сондай-ақ жоспарланған оқу нәтижелерін бағалау мәселелері қарастырылды.
Семинар аясында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, ғалым-практик, әдіскер әрі сарапшы Қисымова Әлима Қисымқызы «Сабақтың заманауи моделі: жобалау және жоспарлау ерекшеліктері» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады. Ол заманауи сабақты ұйымдастырудың өзекті тәсілдерін, оның мазмұны мен сапалы жобалау ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсетті.
Педагогикалық институт директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ахмадиева Жанна Қуанышқызы «Болашақ педагогтерді даярлаудың заманауи тәсілдері» тақырыбында сөз сөйлеп, педагог кадрларды кәсіби талаптарға сай даярлаудағы негізгі мәселелер мен міндеттерді атап өтті.
Семинар барысында студенттердің теориялық және практикалық даярлығын ұштастырып, кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға, әдістемелік мәдениетін дамытуға және болашақ мұғалімдердің дайындығын тексеруге ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер педагогикалық кадрларды даярлау сапасына қатысты ортақ кәсіби көзқарасты қалыптастыруға, жоғары оқу орнындағы білім беру мен мектеп тәжірибесі арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Педагогикалық институт профессор-оқытушылар құрамына арналған осындай әдістемелік семинарларды тұрақты түрде жалғастыруды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта бұл кездесулер кәсіби диалог құруға, педагогикалық тәжірибе алмасуға, оқытушылардың әдістемелік құзыреттілігін жетілдіруге, тиімді шешімдерді бірлесе ұсынуға және болашақ педагогтерді даярлаудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған кәсіби алаңға айналмақ.
Бөлісу:
Фотогалерея








