Жаңалықтар

...
AIU студенттері үшін бірегей мүмкіндік: MDI Gurgaon (Үндістан) ұсынған білім беру бағдарламасы
2025 ж. 28 мам., ср, 09:01

Astana International University Үндістанның жетекші бизнес мектептерінің бірі – Management Development Institute (MDI Gurgaon) ұсынған India Immersion Programme 2025–2026 халықаралық бағдарламасына қатысуға шақыру алды. Бағдарлама тақырыбы – «Үндістанда бизнесті жүргізу ерекшеліктері».

MDI Gurgaon — AACSB және AMBA халықаралық аккредитацияларына ие, әлемдік MBA рейтингінде топ-50-ге кіретін бизнес-мектеп (QS Global MBA Rankings 2025 – #42, FT Global MBA Rankings 2024 – #85). Кампус Дели халықаралық әуежайынан 25 минуттық жерде орналасқан.

📚 Бағдарламаға экономика, менеджмент, қаржы және іскерлік бағыттағы бакалавриат пен магистратура студенттері қатыса алады.


Қатысу нұсқалары:

🔹 5 күндік бағдарлама

  • Академиялық ақы: 600 еуро

  • Тұру және тамақтану (7 күн): 210 еуро

🔹 6 күндік бағдарлама

  • Академиялық ақы: 700 еуро

  • Тұру және тамақтану (8 күн): 250 еуро


Бағдарлама құнына кіреді:
📌 Оқу сессиялары, сертификаттар, оқу материалдары
📌 Мәдени және өндірістік экскурсиялар (Дели мен Аграға)
📌 Қош келдіңіз кешкі асы, кофе-брейктер, ұйымдастыру қызметтері

✈️ Қосымша төленетін шығындар: ұшақ билеті, виза, трансфер және жеке шығындар.


📅 Сапардың нақты күндері келісім бойынша анықталады.
👥 Қатысушылардың ең аз саны – 15 студент.

📨 Қосымша ақпарат алу үшін Экономика жоғары мектебінің деканатына немесе AIU халықаралық байланыстар бөліміне хабарласыңыз.

...
Тұрақты даму үшін нетворкинг
2025 ж. 28 мам., ср, 06:14

 2025 жылғы 27 мамырда университетімізде «Желі құрудың (нетворкингтің) ТОЛ және ескі пестицидтер саласындағы экологиялық бастамаларды ілгерілетудегі рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.


 Іс-шараға ғылым және сарапшылық қауымдастық өкілдері, экологиялық ТОЛ, тұрақты даму мен химиялық қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты.


 Талқылаудың негізгі өзегі — нетворкинг пен саларалық ынтымақтастықтың рөлі: ғылыми қауымдастықтың, азаматтық сектордың, халықаралық институттар мен мемлекеттік органдардың бірлескен күш-жігері экологиялық бастамаларды қалай ілгерілетуге, білім алмасуды жақсартуға және ТОЛ және ескі қауіпті химиялық заттарымен жұмыс істеудің тұрақты шешімдерін тезірек енгізуге көмектесетіні сөз болды.


 Дискуссия барысында қатысушылар табысты кейстерімен бөлісіп, саларалық синергияға кедергілер мен мүмкіндіктерді талқылады, сондай-ақ кәсіби желілер мен ынтымақтастық платформаларын кеңейту бойынша қадамдарды белгіледі.


 Іс-шараны ұйымдастырушылар:

 Химиялық қауіпсіздік пен ТОЛ жөніндегі өңірлік желі ToxicNet

 Астана халықаралық университеті

 «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығы және FAO


Барлық спикерлер мен қатысушыларға белсенді атсалысып, шабыттандыратын идеяларымен бөліскені үшін алғысымызды білдіреміз! 


#Экология #Нетворкинг #ToxicNet #ТұрақтыДаму #СОЗ #AIU #Экожобалар

...
"GreenBrain" хакатоны: Жасыл болашаққа бастар жол
2025 ж. 27 мам., сс, 06:00
27 мамыр күні Астана Халықаралық Университетінде "GreenBrain" экологиялық хакатоны өтті!

📌 Хакатон үш кезеңнен тұрды:
1. 🧠 Интеллектуалдық квиз «Өз ойының»
2. 🌱 Аналитикалық кейс «Жасыл шешім»
3. 🎨 Креативті тур «Эко-коммуникация»

Командалар үшін әр кезең экологиялық білімдерін, командамен жұмыс істеу және өзекті экологиялық мәселелерді шешуде шығармашылық ойлау сияқты қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін сын болды 🌍

Хакатонға 5 команда қатысты: EcoGen, EcoDivas, EcoЖүрек, Балмұздақ және ДДТ.  Үш кезеңнің қорытындысы бойынша жеңіске EcoDivas командасы жетті. EcoDivas командасының студенттері   Махмұдқызы Айғаным, Тасыбаева Шакизат, Жандос Арайлым, Асканбаева Альбина және Хуанбай Жұлдызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!!.

📍 Хакатон ұйымдастырушылары: ToxicNet - Химиялық қауіпсіздік және ТОЛ бойынша өңірлік желісі  және AIU Жаратылыстану ғылымдары жоғары мектебі

Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! 💚

#GreenBrain #Экология #AIU #ToxicNet #экоинициативалар

...
AIU-де шығармашылықты қорғайтын құқық туралы дәріс өтті
2025 ж. 26 мам., дс, 10:36

2025 жылғы 24 мамырда Astana International University-дің Өнер және гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде авторлық құқық және оның креативті индустриядағы рөліне арналған дәріс өтті. Шақырылған спикер – зияткерлік меншік құқығы саласының сарапшысы, PhD Темирлан Төлегенов.

24 жылдық тәжірибесі бар заңгер және авторлық құқық бойынша оқытушы Темирлан Төлегенов дәріске қатысушыларға авторлық және сабақтас құқықтардың негізгі қағидаларын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндірді. Дәріс студенттер, оқытушылар мен шығармашылық кәсіп өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырды.

🔹 Дәріс барысында спикер келесі мәселелерді қамтыды:

  • авторлық және сабақтас құқықтардың айырмашылығы;

  • мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар;

  • лицензиялау және құқықты беру механизмдері;

  • авторлық және сабақтас құқықтарды заңды түрде тіркеу;

  • интернеттегі құқықбұзушылықтар мен open source өнімдерін пайдалану тәуекелдері;

  • Қазақстандағы авторлық құқықты қорғау ерекшеліктері;

  • авторлық қоғам мен музыкалық баспаның айырмашылығы.

Сонымен қатар, жасанды интеллект пен ғылыми-білім беру мақсатында бөтен контентті қолдануға байланысты заманауи құқықтық мәселелерге ерекше көңіл бөлінді.

📍 Іс-шара Creative Industries Alliance of Qazaqstan бастамасымен ұйымдастырылды.

AIU университеті Темирлан Төлегеновке мазмұнды дәрісі мен пайдалы мәліметтері үшін алғыс білдіреді. Сондай-ақ, белсенді қатысып, шығармашылық құқық мәселесіне қызығушылық танытқан барлық қатысушыларға алғысын білдіреді.

...
AIU-де Қазақстандағы қылмыстық және әкімшілік заңнаманы қолданудың 10 жылдық тәжірибесінің мәселелері мен даму перспективалары талқыланды
2025 ж. 26 мам., дс, 08:41

2025 жылғы 23 мамырда Astana International University-де
«Қазақстан Республикасының ҚК, ҚПК, ҚАК және ӘҚБтК-на 10 жыл: қорытындылар, қолдану тәжірибесі және даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Орталық сайлау комиссиясы, Парламент, Жоғарғы Сот, Әділет министрлігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, сондай-ақ М.В. Ломоносов атындағы ММУ, ММЮА, РМҚУ және Пятигорск мемлекеттік университеті сияқты отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.

Қатысушылар соңғы он жылда қолданылып келе жатқан негізгі кодекстердің нәтижелері, құқық қолдану тәжірибесі, оларды жетілдіру мүмкіндіктері мен халықаралық стандарттармен өзара байланысы бойынша пікір алмасты.

📚 Конференция аясында заң ғылымдарының докторы, профессор Исидор Шамилұлы Борчашвилидің (AIU) екі монографиясының тұсаукесері өтті:
«Іс-әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар»
«Отбасы мен кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: заң, теория және тәжірибе»

Талқылау нәтижелері бойынша қылмыстық саясаттың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу, кодекстерді жаңарту, жекелеген нормаларды қайта қарау, әкімшілік саланы цифрландыру, сондай-ақ заңгерлік білім беруді реформалау мен заң шығару процесіндегі ғылыми сараптаманы күшейту бойынша ұсыныстар қамтылған ұсынымдар жобасы дайындалды.

📍 Конференция ұсынымдары Қазақстан Республикасы Парламентіне, Әділет министрлігіне, Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолданып, қылмыстық және әкімшілік заңнаманы жетілдіру мақсатында қаралатын болады.

AIU университеті барлық қатысушыларға мазмұнды баяндамалар мен кәсіби ұсыныстары үшін алғыс білдіреді.

...
«Ғылымдағы тіл стратегиясы: мәселелер мен шешу жолдары» атты республикалық семинар-кеңес
2025 ж. 26 мам., дс, 05:54

2025 жылғы 22 мамыр күні  Астана халықаралыық университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясымен біріге отырып, «Ғылымдағы тіл стратегиясы: мәселелер мен шешу жолдары» атты республикалық семинар-кеңес өткізді. Семинар- кеңестің мақсаты: Ғылыми кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту. Семинарға жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының мемлекеттік тілді дамытуға жауапты лауазымды тұлғалары, Жоғары және жоғары оқу орнынын кейінгі білім, Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеттерінің, Жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері қатысып,  ғылыми мақалалардың, диссертациялық жұмыстардың, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың және құжат айналымның мемлекеттік тілде жазылуын қамтасыз етуде әкімшілік ұйымдастырушылық процесті жетілдіру бойынша пікір алмасты.

Семинар-кеңестің ашылуы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, ф.ғ.к. Ербол Ердембекұлы Тілешовтың Кіріспе сөзімен басталып, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Шерубай Құрманбайұлының «Ғылымдағы терминологияны жетілдіру мен бірізділендірудің өзекті мәселелелері» және Астана халықаралыық университетінің вице-президенті Қайрат Амангелдіұлы Абдрахмановтың «Білім беру үрдісі барысындағы құжат айналымдағы тіл заңнамасының сақталуы» және басқа да баяндамаларымен жалғасты. Семинар-кеңесте еліміздің ЖОО-дарында қазақ тілінде жарияланған ғылыми мақалалар, құжат айналымының қазақ тілінде қаншалықты деңгейде жүргізіліп жатқанына сараптама жасаған ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, ғылым докторы Берікхан Иісбекұлының «Ғылымдағы тілдік ахуал: жетістіктері мен мәселелері» тақырыбындағы баяндамасы қатысушылар назарын аударды.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитеті басшыларының айтуы бойынша барлық ЖОО-лардың құжат айналымы және қазақ тіліне қатысты басқа да шаралар бұдан әрі қатаң қадағаланып, назарда болады. Қазақ тіліне деген бұл жаңа бетбұрыс игі нәтижесін береді деген ойдамыз.

 

 

 

...
🎓 AIU алаңында «Ғылымдағы тіл стратегиясы» атты республикалық семинар-кеңес өтті
2025 ж. 22 мам., бс, 12:12

2025 жылғы 22 мамырда Astana International University қабырғасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы және университетіміздің бірлескен ұйымдастыруымен «Ғылымдағы тіл стратегиясы: мәселелер мен шешу жолдары» атты республикалық семинар-кеңес өтті.

🔹 Семинардың мақсаты – ғылыми кеңістікте мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, диссертациялық зерттеулер мен ғылыми жобаларда, сондай-ақ құжат айналымында қазақ тілінің үлесін арттыру.

📍 Іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» Ұлттық құрылтайының екінші отырысындағы хаттамалық тапсырмалар аясында өтті.

🔷 Семинар-кеңес жұмысына еліміздің жетекші жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының мемлекеттік тілді дамытуға жауапты өкілдері, министрлік құрылымдары мен сарапшылар қатысты.

💬 Баяндамашылар мен олардың бағыттары:

· Ербол Ердембекұлы Тілешов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты — семинарды ашып, мемлекеттік тіл саясаты мен ғылымдағы тілдің өзекті бағыттары туралы баяндама жасады.

· Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті — ғылымдағы терминологияны жетілдіру мен біріздендірудің мәселелері туралы сөз сөйледі.

· Жанар Амангелдіқызы Темірбекова, экономика ғылымдарының кандидаты, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры — “Қазақ тілі – ғылым тілі” симпозиумының тәжірибесі мен академиялық терминжасам мәселелері туралы баяндама жасады.

· Берікхан Иісбекұлы, ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитетінің Тіл заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, PhD — ғылымдағы тілдік ахуал: жетістіктері мен мәселелері тақырыбында баяндама жасады.

· Ардақ Бақытұлы Бейсенбай, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректоры — ЕҰУ тәжірибесі негізіндегі тіл стратегиясы туралы бөлісті.

· Ертарғын Тойғанұлы Шахман, география ғылымдарының кандидаты, Торайғыров университетінің жастар саясаты, әлеуметтік және шаруашылық мәселелері жөніндегі проректоры — университет тәжірибесіндегі тілдік стратегия туралы сөз сөйледі.

· Қайрат Амангелдіұлы Абдрахманов, Astana International University вице-президенті — білім беру үдерісіндегі құжат айналымда тіл заңнамасының сақталуы туралы баяндама жасады.

· Қуантар Дәуренұлы Әлиханов, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы Пәнаралық ғылым орталығының директоры — ҰҒА-ның ғылымдағы тілдік саясатты жетілдірудегі рөлі туралы бөлісті.

🔊 Семинар қорытындысында ашық пікірталас (еркін микрофон) форматында қатысушылар тәжірибе алмасты. Қорытынды ұсыныстар мен бағыттар айқындалды.

📍  Астана Халықаралық университетінің базасында өткен семинар ғылым саласында қазақ тілінің рөлін кәсіби деңгейде талқылайтын маңызды алаңға айналды. Университет алдағы уақытта да білім мен ғылымдағы мемлекеттік тіл саясатын дамытуға белсене ат салыса бермек.

 

...
ЭКОНОМИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕП «КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА: СЫН-ҚАТЕРЛЕР МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР БАЙҚАУЫН ӨТКІЗДІ
2025 ж. 22 мам., бс, 11:57

Экономика жоғары мектебінде климаттың өзгеруі жағдайындағы «Жасыл экономика: сын-қатерлер мен келешегі» тақырыбындағы өзекті мәселелерге арналған Халықаралық ғылыми жұмыстар байқауы өтті. Байқау Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу аясында, атап айтқанда, климаттың өзгеруімен күрес (ТДМ 13), орнықты тұтыну мен өндіріс (ТДМ 12), сондай-ақ лайықты еңбек пен экономикалық өсімді қамтамасыз ету (ТДМ 8) бағыттарына арналды. Бұл зияткерлік форум Қазақстан Республикасының және жақын шетел мемлекеттерінің жетекші жоғары оқу орындарынан келген талантты зерттеушілерді біріктіріп, ғылымға деген қызығушылық пен жаһандық экологиялық проблемаларды шешуге ұмтылысты көрсетті.

Тематикалық бағыттар бойынша конкурс нәтижелері:

1.«Климаттық бейімделу және тұрақты даму» және «Esg-стандарттарымен корпаративтік жауапкершілік»:

1 орын - Мукатай Нурхаят «Климаттық бейімделу және тұрақты даму: Қазақстан үшін сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Астана халықаралық университеті, ғылыми жетекші Тұрсымбаева М.Ж.

2 орын - Сагатбекова Дильназ «Қалаларды су тасқынан қорғауға арналған орнықты шешім» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Тұран Астана университеті, ғылыми жетекші: Арпабаев Б.Т.

3 орын-  Маратова Малика және Нұргужиева Мадина  «Қазақстанның мұнай-газ кешеніндегі қауіпсіз өндірісті дамыту» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, ғылыми жетекші Ахметова Г.Т.

 

2.⁠ ⁠«Жабық цикл экономикасы»:

1орын - Құдайбергенова Диана «Қазақстандағы жабық цикл экономикасы: елемеуге болмайтын сын-қатер» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Астана халықаралық университеті, ғылыми жетекші Лесбаева Г.Т.

⁠2 орын - Менеева Жанэль «Қалдықтарды қайта өңдеу, қалпына келмейтін ресурстарды аз пайдалану және екінші реттік қолдану технологиялары» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Тұран Астана университеті, ғылыми жетекші Атикеева С.Н.

⁠3 орын - Боровская Адина «Тоқыма өнеркәсібіндегі жабық цикл: экологиялық апаттың шешімі ме, әлде маркетингтік әдіс пе?» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Туран Астана университеті, ғылыми жетекші Атикеева С.Н.

 

3.⁠ ⁠«Тұрақты қалалық экожүйелер» және «Биотехнология мен экотехнологиялар»:

1 орын -  Лунёва Любовь  «Болашақтың жасыл қалалары: энергия тиімді архитектура және ақылды көлік жүйелері» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Тұран Астана университеті, ғылыми жетекші Атикеева С.Н.

2 орын - Сидорец Ксения «Жойылатын пластик: биотехнологиялар қоқысқа көзқарасты қалай өзгертуде» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Тұран Астана университеті, ғылыми жетекші Атикеева С.Н.

3 орын - Каплин Антон «Қоршаған ортаны қорғауға арналған жаңа әдістер: биологиялық ыдырайтын материалдар, су мен ауаны тазартудың инновациялық жолдары» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Туран Астана университеті, ғылыми жетекші Атикеева С.Н.

 

4.⁠ ⁠«Мемлекеттік саясат және жасыл экономика»:

⁠1 орын - Жәнібекқызы Айдана «Климаттың өзгеруі жағдайындағы жұқпалы аурулардың таралуы: қоғамдық денсаулықты қорғаудағы жасыл экономиканың рөлі» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Астана медицина университеті, ғылыми жетекші Әмірова Г.К.

2 орын - Аманжолова Айдана «Климаттық өзгерістер жағдайындағы жасыл экономика: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледж, ғылыми жетекші Орынтаева Н.Е.

3 орын - Ертаева Тоғжан «Медицинадағы жасыл экономика: келешек пен сын-қатерлер» тақырыбында жазылған ғылыми жоба, Астана медицина университеті, ғылыми жетекші Әмірова Г.К.

 

5.⁠ ⁠Климаттық бейімделу және тұрақты даму және ESG-стандарттары мен корпоративтік жауапкершілік:

1 орын - Кеңес Дильназ және Жакиянова Шадияр «Климаттық бейімделу және тұрақты даму» презентациясымен, Тұран Астана университеті, ғылыми жетекші Атикеева С.Н.

2 орын - Эберле Юлиана «Күн және жел энергиясын енгізу» презентациясымен, Тұран Астана университеті, ғылыми жетекші Атикеева С.Н.

3 орын - Фролов Никита «Қазақстандағы жасыл технологияларды енгізу тәжірибесінің талдауы» презентациясымен, Esil University, ғылыми жетекші Мұқанова М.А.

 

6.⁠ ⁠Тұрақты қалалық экожүйелер және Мемлекеттік саясат пен  жасыл экономика:

1 орын - Қошкінбаев Самат, Наурызбаева Назигүл және Бегімбет Диас «Ақылды экожүйелер: әлемнен Қазақстанға дейін» презентациясымен, Тұран Астана университеті, ғылыми жетекші Атикеева С.Н.

2 орын - Нұрланқызы Әкерке және Дүйсебай Шерхан «Мемлекеттік саясат және жасыл экономика: реттеу және тұрақты дамуды қолдау тетіктері» презентациясымен, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институты, ғылыми жетекші Махашева Ж.А.

3 орын - Мұратова Зәмзәгүл «Жасыл экономика: тұрақты дамудың қиындықтары, шешімдері және келешегі» презентациясымен, Тұран Астана университеті, ғылыми жетекші Бабланов Т.К.

 

7.⁠ ⁠Биотехнологиялар және Жабық цикл экономикасы:

1 орын - Болат Айтуар «Жабық цикл экономикасы: тұжырымдама, тәжірибе және келешек» презентациясымен, Астана халықаралық университеті, ғылыми жетекші Лесбаева Г.Т.

2 орын - Өмірбай Маржан «Қоршаған ортаны қорғаудың жаңа тәсілдері, биологиялық ыдырайтын материалдар, су мен ауаны тазарту әдістері» презентациясымен, М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті, ғылыми жетекші Өтебаева Ш.Ш.

3 орын - Ким Аяна «ECOBO» презентациясы, Шерхан Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновациялық институты, ғылыми жетекші Маханова А.Ж.

 

8. Климаттық бейімделу және тұрақты даму бағытында аналитикалық зерттеу:

⁠1 орын - Кондратьева Милена мен Шаванова Елизавета «Қаржы құралдарын жаңа экономикалық шындыққа бейімдеу» тақырыбына арналған аналитикалық зерттеумен, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, ғылыми жетекші Омарова Г.Т.

2 орын - Балыко Дарья «Примор өлкесінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың экономикалық негіздемесі» тақырыбына арналған аналитикалық зерттеумен, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, ғылыми жетекші Петухова Е.П.

⁠3 орын - Пархоменко Богдан және Зубарева Анна «Альтернативті энергия көздерін дамыту перспективалары» тақырыбына арналған аналитикалық зерттеумен, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университеті, ғылыми жетекші Курдюкова Н.О.

3 орын - Қошқарбай Темірлан «Вертикалды көгалдандыруы бар шағын ферма» тақырыбына арналған аналитикалық зерттеумен, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, ғылыми жетекші Ержанова А.А.

 

9. Ғылыми жобаға арналған презентация мен бейнеролик:

⁠1 орын - Маратова Малика мен Нұргужиева Мадина «Қазақстанның мұнай-газ кешенінде қауіпсіз өндірісті дамыту» тақырып бойынша ғылыми жобаның презентациясымен, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, ғылыми жетекші Ахметова Г.Т.

2 орын - Әлібек Әсем мен Сейдуалы Мерей «Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің жасыл технологиялары» тақырып бойынша ғылыми жобаның презентациясымен, Алматы технологиялық университеті, ғылыми жетекші Дәуметова С.Т.

⁠3 орын - Әділбай Ардақ «Із қалдыр — бірақ тек жүрекпен» тақырып бойынша ғылыми жобаның презентациясымен, Алматы технологиялық университеті, ғылыми жетекші Әбілқасова С.О.

 

БАРЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Бұл жеңістер жасыл экономика мен тұрақты болашақ жолындағы жаңа жетістіктер мен жаңалықтарға бастама болсын. Сіздерге білімге деген құштарлық, батыл ғылыми идеялар мен жарқын табыстар тілейміз! Марапаттау құжаттарын жүктеу сілтемесі: https://drive.google.com/drive/folders/1JuqEZt-lSgBVAzoPov8o-2baOYM3RNNn?usp=sharing

...
📌 AIU президенті «Taldau» директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды
2025 ж. 21 мам., ср, 10:52

2025 жылғы 12 мамырда Astana International University президенті Серік Азтаевич Ирсалиев Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Taldau» Білім беру сапасын бағалау және зерттеу ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

«Taldau» — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты білім беру саласындағы жетекші ұлттық талдау және бағалау орталығы. Орталық мемлекеттік білім беру саясатын жан-жақты аналитикалық сүйемелдеумен, білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму барысы туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндамаларды әзірлеумен, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық салыстырмалы зерттеулерге қатысуын үйлестірумен айналысады, атап айтқанда:
🔹 ЭЫДҰ бағытында — PISA, PIAAC, TALIS, PISA for Schools
🔹 IEA бағытында — TIMSS, PIRLS, ICILS

«Taldau» қызметінің негізгі бағыттарына сондай-ақ Ұлттық білім беру деректер базасын (ҰБДБ) сүйемелдеу және дамыту, халықаралық ұйымдармен бірлесіп елдік шолулар жүргізу, білім саласындағы ғылыми зерттеулер және білім беру ортасын цифрлық трансформациялау бойынша сараптамалық қолдау кіреді.

2011 жылы құрылған сәттен бастап, әсіресе 2014 жылы өкілеттіктері кеңейтілгеннен кейін, «Taldau» білім беру саласындағы стратегиялық шешімдер қабылдауға арналған дәлелді база қалыптастыруда маңызды рөл атқарып келеді. Орталық ғылыми ұйым ретінде аккредиттелген және ЭЫДҰ мен Дүниежүзілік банк секілді халықаралық құрылымдармен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Университетіміздің президенті Серік Азтаевич Ирсалиевтің бұл лауазымға тағайындалуы — оның кәсіби біліктілігі мен көшбасшылық тәжірибесіне көрсетілген жоғары сенімнің айқын дәлелі. Ол орталықтың негізін қалауға атсалысып, 2010 жылы оның институционализациялау процесіне белсенді қатысқан, ал 2013–2017 жылдары аралығында «Taldau» орталығын президент ретінде басқарған. Сол жылдары орталықтың аналитикалық және ұйымдастырушылық негіздері қаланды.

Astana International University ұжымы Президентімізді жаңа қызметімен шын жүректен құттықтайды және оның басшылығымен «Taldau» сапалы, ашық әрі нәтижеге бағытталған білім беруді дамытуға зор үлесін жалғастыра беретініне сенімді.

...
СТУДЕНТТЕН – МАМАНҒА ДЕЙІН: МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ОРНАЛАСУДЫҢ ШЫНАЙЫ ТӘЖІРИБЕСІ
2025 ж. 19 мам., дс, 14:08

13.05.25 ж. Экономика жоғары мектебінде "ҚР СЖжРА Ұлттық статистика бюросының мысалында Мемлекеттік қызметке түсу ерекшеліктері" тақырыбында қонақ дәріс өтті.

Спикер ретінде Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының адам ресурстарын дамыту департаментінің директоры Арсен Абзалұлы Жақыпов сөз сөйлеп, студенттерге Мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін орындау жөніндегі қызметі туралы айтып берді. Астана қаласы Халық статистикасы департаментінің халық статистикасы және демографиялық таңдар басқармасының сарапшысы болып табылатын жас маман Амантай Арман Асқарұлы Мемлекеттік қызметке кіру кезеңдерінен өту тәжірибесімен бөлісті, студенттер сұрақтар қойып, жауап алды. Кездесу өте қызықты және танымды болды!

...
🎓 Шығармашылығыңызды қорғайтын дәріс!
2025 ж. 19 мам., дс, 11:12

Қазақша нұсқасы:

👨‍⚖️ Темірлан Төлегенов, PhD, 24 жылдық тәжірибесі бар құқық саласының сарапшысы және авторлық құқық бойынша оқытушы келесі тақырыптарды нақты мысалдармен түсіндіріп береді:

  • Авторлық құқық дегеніміз не және ол сабақтас құқықтардан қалай ерекшеленеді

  • Неліктен авторлық құқық креативті индустрияның негізі болып табылады

  • Меншік құқығы мен жеке мүліктік емес құқықтардың айырмашылығы неде

  • Неліктен шығармашылық маман өз туындысын ақшалай табыс көзіне айналдыруға құқылы

  • Авторлық немесе сабақтас құқықтарды тиімді қалай тіркеуге болады

  • Шығармаға меншік құқығын пайдалануға беру қалай жүзеге асырылуы керек

  • Автор немесе құқық иесі өз құқықтарын қанша уақытқа дейін ақшаға айналдыра алады

  • Авторлық қоғам мен музыкалық баспаның айырмашылығы неде

  • Қазақстанда авторлық құқық қалай қорғалады

    📅 Қашан: 24 мамыр, 11:30
    📍 Қайда: Астана, Мұхтар Әуезов көшесі, 46/1, Astana International University

    📩 Қатысқыңыз келе ме? Био сілтеме арқылы тіркеліңіз!  https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfNpf0GWDMY80yy0Ai0a1sxIZGPDHue7PL3RnqPbOqzFgIziQ/viewform?usp=dialog

...
AIU-де қауымдастырылған профессор Сейсекүл Көшімбетованың 45 жылдық педагогикалық қызметіне арналған республикалық ғылыми семинар өтті
2025 ж. 19 мам., дс, 10:38

2025 жылғы 16 мамырда Astana International University-де Педагогикалық институттың ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтар негізіндегі білім беру жүйесі: саралау, жүйелеу, негіздеу» атты республикалық ғылыми семинар өтті. Бұл маңызды ғылыми шара көрнекті педагог, профессор Сейсекүл Айтжанқызы Көшімбетованың білім беру саласындағы 45 жылдық қажырлы еңбегіне арналды.


Семинарды университеттің Педагогикалық институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жанна Қуанышқызы Ахмадиева ашты. Қонақтарға арнап құттықтау сөз сөйлегендер қатарында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, AIU вице-президенті, биология ғылымдарының докторы Анар Мырзагалиева, «Сенімен болашақ» республикалық ата-аналар қауымдастығының негізін қалаушы Асан Нұркенов, «Қара шаңырақ» ҚБ директоры, этнолог, ҚР Журналистер одағының мүшесі Тұрар Саттарқызы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Абдимажит Саипов, сондай-ақ аталған университеттің Педагогика кафедрасының профессоры Қадиша Шалғынбаева және профессор, педагогика ғылымдарының докторы Заида Жұмабаева болды.


Семинар барысында ұлттық құндылықтарды білім беру жүйесіне енгізу, оқытушының тұлғалық рөлі мен тәрбиелік миссиясы, сондай-ақ Сейсекүл Айтжанқызының педагогикалық феномені мен мұрасына арналған мазмұнды баяндамалар тыңдалды. Ұстаздың шәкірттері де өз естеліктерімен бөлісіп, рухани сабақтастықты жалғастырды.


Іс-шараның шарықтау шегі ретінде Сейсекүл Көшімбетованың «Парасат жолы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл еңбек – автордың өмірлік тәжірибесі мен ұстаздық ұстанымдарын, парасат пен адамгершілікке негізделген педагогикалық философиясын паш ететін құнды туынды. Семинар соңында Сейсекүл Айтжанқызы қорытынды сөз сөйлеп, өмірлік және кәсіби жолында бірге болған әріптестеріне, шәкірттеріне және университет ұжымына алғысын білдірді.


Семинар қонақтары мен қатысушыларына арналған дәстүрлі мерекелік дастархан жылы лебіздер мен рухани ықыласқа толы форматта өтті. Шара аясында айтылған ойлар мен ұсыныстар қазіргі білім беру жүйесін ұлттық құндылықтармен сабақтастыра отырып жаңғыртуға серпін берді.

Astana International University ұжымы Сейсекүл Айтжанқызы Көшімбетоваға отандық педагогикаға сіңірген өлшеусіз еңбегі үшін алғыс білдіреді. Жоғары білім беру саласында бірнеше буын ұстаздарды тәрбиелеп, ғылыми ортада өз орнын қалыптастырған, Жамбыл облысына еңбегі сіңген құрметті профессор Сейсекүл Айтжанқызына Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаевтың атынан құрметпен Алғыс хат табысталды.

Сондай-ақ, семинарға қатысқан барша қонақтар мен баяндамашыларға ғылыми-әдістемелік пікір алмасуға қосқан үлестері үшін AIU ұжымы шынайы ризашылығын білдіреді. Мұндай кездесулер білім мен тәжірибе алмасудың тиімді алаңы бола отырып, болашақ педагогтарды даярлау ісінде маңызды рөл атқарады.